Қоғам
Бір күнде қазақстандық халыққа қызмет көрсету орталықтары ЖСН алуға 13 мың өтініш қабылдады,-деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
21 қыркүйектен бастап ЖСН алуға Астана, Алматы қалаларындағы және шекаралас облыстардағы ХҚКО-ға көптеген өтініш берілген
«Осыған байланысты еліміздің өңірлерінде сегіз халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын күшейту туралы шешім қабылданды»,- деп хабарлады Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министрі Әсет Тұрысов брифинг барысында.
«Кеше ғана ЖСН алуға 13 мың өтініш қабылданды. Бұрын мұндай көрсеткіш бір айдың ішінде болатын», - деді шенеунік.
Бұл ретте ол резидент еместерге қызмет көрсетуді кеңейту, оның ішінде онлайн брондау туралы шешім қабылданып жатқанын атап өтті. Бұл кезектерді азайту мақсатында керек.
Жыл басынан бері ЖСН алуға 320 000-нан астам өтініш берілген, оның 97 000-ы Ресей Федерациясының азаматтары.