Bugin
Параллель әлем десе, ойыңызға не түседі? Жатғаламшарлықтар бізбен қатар өмір сүруі мүмкін бе? Рас дейін десең жалған секілді. Жалған дейін десеі рас секілді. Әйтеуір адамды дел-сал күйге түсіретін көп тақырыптың бірі – жатғаламшарлықтарға байланысты. Bugin.kz порталы осы тақырыпта әңгіме өрбітеді.
Жатғаламшарлықтардың әрекеттерін талқылауға арналған ең қызықты конвенция 1954 жылдың 7-8 тамызы аралығында өтті. Конгресс Паломар тауының басында өтті.
НЛО конвенциясы, тамыз 1954 Долорес Барриос: Венера планетасынан келген әйел
Конвенцияны жатғаламшарлықтармен сенімді байланыста болған үш адам басқарды: Джордж Адамски, Труман Бетурум және Дэниел Фрай. Іс-шара барысында журналистер, ФБР агенттері және әлемнің түкпір-тікпірінен адамдар жиналды.
Жатғаламшарлықтармен кездескен адамдар өз хикаяларын айтып, ол сәтте не істеу керектігі жөнінде айтылды. Құрылтайдың бірінші күні кешке жиналғандар ерекше сұлу әйелді байқады.Оның жанында 2 ер адам бар екен. Олардың бірі көзілдірік таққан. Үшеуі де ақшыл. Әйелдің шашы сирек, көзі адамды өзіне баурап аларлықтай сұлу еді. Бірақ әйелдің бассүйегі өзге адамдардан ерекшеленіп тұрды.
Долорес Барриос
Жанындағы адамдардың келбеті де оныңкіне ұқсас болды. Бір сәтте жиынға қатысушылардың бәріне бұл үш адамның бетперде киген жатғаламшарлықтар екені туралы қауөсет тарады. Қатысушылардың бірі әйелдің Шолпан ғаламшарынан келгенін анықтаған.
– Мұнда неге келдің?
– Бұл тақырып бізді қызықтырады.
– Сіз ұшатын табақшаларға сенесіз бе?
– Иә.
– «Адамски мырзаның Сіздерді Шолпаннан келді дегені рас па?»
– Иә, біз Шолпаннан келгенбіз.
Джоао Мартинс есімді журналист те конгрессті қарап, Долорес Барриос есімді әйелдің Нью-Йорктен келген сәнгер екенін, оның компаниясындағы екі ер адам – Дональд Моран мен Билл Джекмарт, екеуі де Манхэттен-Бичте (Калифорния) тұратын музыканттар екенін білді.
Бразилиялық журналист оларды суретке түсіре алатын-алмайтынын сұрайды, бірақ олар бас тартады. Үшеуі де «шолпандықтар» атанғандарына қатты ызаланған сияқты.
Дональд Моранд және Билл Джекмарт
Конгрестің екінші күні Мартинс үшеуін де суретке түсіріп үлгерді. Осыдан кейін үшеуі де орманға жүгіреді, кенеттен жатғаламшарлық беймәлім техникамен олар ұшып кетеді. Өкінішке орай, НЛО-ның суретін түсіру мүмкін болмаған. Бұған дейін ешкім көрмеген, анықтай алмаған тергеу жүргізіліп, іс зерттелді.
Кейбіреулер Долорес Барриос адам және ол 2008 жылы қайтыс болғандеген нұсқа ұсынады. Дегенмен, тағы біреулер жатғаламшарлықтар тобы «Долорес Барриос» есімін қолдаған дегеннұсқа ұсынады.
Адам Джорджски жат планеталықтармен кездескенін айтып, оларды «ғарыштық бауырлар» деп атады. Жатпланеталықтар 1952 жылы 20 қарашада Колорадо шөліне қонып, Адамскиге өз кемелерін басқаруға мүмкіндік берген.
Бөгде ғаламшарлықтар Адамскиге жер бетіндегі болашақ адамдар туралы ескертіп, адам өміріне қауіп төндіретін қару-жарақ пен соғыс қаупі туралы алаңдаушылық білдіреді.
Адамский Венералықтардың ниеттерін және олардың морфологиялық құрылымын, сондай-ақ табиғи, алыс аспектілерімен зерттеген. Олардың сырт келбеті біздікіне ұқсап, арамызда байқалмай кеткеніне назар аударуға шақырады. Ол кескіндемеде шолпандықтардың сыртқы келбетін суреттеген.
Джордж Адамский Калифорниядағы Мохаве шөлінде кездескен Венера ғарыштық ұшқышы Гей Бетттің (Ортон) картинасы алдында тұр.