Әлем
Харьков облысындағы майданның құлдырауы, ең ауыр экономикалық санкциялар және азаматтардың елден жаппай көшуі Путинге еш әсерін берер емес. Ол Украинаның көп бөлігін басып алу мақсатынан әлі де қайтқан жоқ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Bloomberg басылымына сілтеме жасап.
Ресейлік ресми тұлғалар мен Кремльге жақын дереккөздер ондағы ахуалдан хабар берді.
Олардың айтуынша, жұма күні Путин Федералдық жиналыста сөз сөйлемекші, содан кейін — бірнеше күн ішінде — Кремль жаулап алынған украин облыстарын аннексиялауды «рәсімдемек».
Батыс жаңа санкциялар әзірлеп, әскери сарапшылар дайындығы жоқ жұмылдырылған сарбаздардың мүмкіндіктеріне күмән келтіргеніне қарамастан Путин соғысты тоқтатуды жоспарлап отырған жоқ.
Кремльге жақын ақпарат көздері Ресейдің Украинаның бірнеше ірі қалаларын басып алуға мүмкіндігі бар деп есептейді. Олардың қатарында Харьков пен Одесса бар. Жоспар тым амбициялы болып көрінгенімен, ресейлік шенеуніктердің пайымдауынша, армия Украинамен соңына дейін шайқаса алады. Ал Кремль соңында табыстың бір бөлігін қамтамасыз ететін келісімге келеді деп есептейді.