Қоғам

Елімізде ресейлік дәрігерлер жұмысқа орналасуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Батыс Қазақстан облысында 3 ресейлік дәрігер жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Аурухана директорының айтуынша, үш маман – эндоскопист, инфекционист және бактериолог – елде ұзақ уақыт тұруға ниетті. Қазіргі таңда, Самара мен Новороссийсктен екі дәрігер қоныс аударған. Олар көші-қон құжаттарын дайындап жатыр.

Батыс Қазақстан облысына 270-тен аса дәрігер жетіспейді. Облысқа анестезиолог-реаниматологтар, акушер-гинекологтар, хирургтар және басқа да көптеген мамандар қажет.

«Бұл жұмыс орындары көптен бері бос еді. Қоныс аударған әріптестердің жұмыс тәжірибесі жақсы: 8, 12, 15 жыл. Бұл іс жүзінде тәжірибе алмасу деп қабылдауға әбден болады. Жалпы, медициналық қызмет сапасы жақсы болады. Бүкіл облыс бойынша үлкен бактериологиялық зертхана бар болғандықтан, бізге бактериологтар да қажет», – дейді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.