Қоғам

Кәрім Мәсімов шетелге кетіп қалды ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжіліс алаңында Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев Кәрім Мәсімовке қатысты журналистердің сауалдарына жауап берді. Бұл туралы  Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Істі ҰҚК тергеп жатыр, мәліметтер құпия сақталады. Материалдарды таратуға болмайды. Бұл істер мәліметтеріне қол жеткізе алатын бірнеше прокурор бар. Іс бойынша күдіктілердің барлығы қамауда, ешкім босап, қашып кеткен жоқ. Іс аяқталып, іс материалдарын зерделеу басталды. Іспен танысу үшін ешқандай процессуалдық шектеу қойған жоқпыз», - деді ол.