Өнім

АҚШ неге азаматтарын Ресейден кетуге шақырды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ, Польша және Болгария өз азаматтарын Ресейден шұғыл түрде кетуге шақырды,-деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«АҚШ азаматтары Ресейге келмеуі керек. Ал Ресейде тұратын немесе саяхаттап келгендер коммерциялық сапардың шектеулі мүмкіндігі сақталған кезде Ресейден лезде кетуі керек», - деген АҚШ-тың Ресейдегі елшілігі мәлімдемесінде.

Америкалық дипломаттар 21 қыркүйекте Ресей билігі Украинаға басып кіруді қолдау үшін өз азаматтарын қарулы күштерге жұмылдыра бастағанын еске алды.

«Ресей екі азаматтығы бар адамдарға Ресейден кетуге жол бермейді және әскери қызметке шақырады. (...) Біз АҚШ азаматтарына Ресейде бейбіт жиналыстар мен сөз бостандығына кепілдік берілмейтінін еске саламыз. Кез келген саяси немесе әлеуметтік наразылықтарды болдырмаңыз. Ондай  іс-шараларда қауіпсіздік қызметкерлерін суретке түсірмеңіз. Ресей билігі шерулерге қатысқан АҚШ азаматтарын қамауға алды», - деп ескертті елшілік.

Бұған дейін Польша мен Болгария өз азаматтарын шұғыл түрде Ресейден кетуге шақырған.