БІЛІМ
ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 28-30 қыркүйек аралығында Электоралдық оқыту орталығының базасында республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін 65 журналистің қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және практика» тақырыбына оқыту курсын өткізеді.
Ортсайлауком тарапынан спикерлер ретінде ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров, Ортсайлауком мүшелері Сәбила Мұстафина, Анастасия Щегорцова, Асылбек Смағұлов, сондай-ақ аппарат қызметкерлері сөз сөйлейді.
Оқыту курсы БАҚ өкілдеріне Президент сайлауын дайындау мен өткізудің ерекшеліктерін, ағымдағы электоралдық науқанның негізгі кезеңдерін, БАҚ-тың Президенттікке кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті пен сайлауды ақпараттық қамтамасыз етудегі рөлін, электоралдық науқан кезеңіндегі фактчекингтің рөлін, сайлау процесіндегі журналистердің құқықтары мен міндеттерін, сайлауды ақпараттық жария етудің халықаралық стандарттары мен қағидаттарын түсіндіруге бағытталған.
Семинарда қатысушылар сайлау процесіне қатысушыларды электоралдық оқыту, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, Президент сайлауын мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру, сайлау заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілетін новеллалармен таныстырылатын болады.
Электоралдық оқыту жөніндегі жоспарға сәйкес бұл 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезеңінде жоспарланған сайлау процесіне қатысушылар үшін Ортсайлаукомның 10 семинарының бірі. Бұған дейін 21-23 қыркүйекте еліміздің барлық өңірлерінен келген жастар ұйымдарының өкілдері үшін семинар өткізілген болатын. ҚР ОСК келесі семинары ағымдағы жылдың
5-7 қазан аралығында Қазақстан Республикасында тіркелген саяси партиялардың өкілдеріне жоспарланып отыр.