Өнім

Білім министрі пара алғаны үшін ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанның білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев аса ірі көлемде пара бопсалады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Bugin.kz порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Алмазбек Бейшенәлиев ақша алып жатқан жерінен ұсталған.

«Аса ірі көлемде – 110 мың доллар (52,5 миллион теңгеден аса) пара алу дерегі тергеліп жатыр. Шенеунік шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдау үшін ақша талап еткен. Толық мәлімет тергеу нәтижелері бойынша беріледі», - делінген хабарламада.