Қоғам
Қазақстандағы еңбек мигранттарының саны бойынша Қытай, Үндістан және Түркия азаматтары көш бастап тұр, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда 15,5 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді. «Еңбек мигранттары басым елдер: Қытай – 3576 адам, Үндістан – 1740 адам, Түркия – 1701 адам, Өзбекстан – 1535 адам, Ұлыбритания – 1127 адам», – делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.