Әлем

АҚШ пен Ресей қатынасы: Қырғи қабақ соғыс шын мәнінде аяқталды ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әдетте 1991 жылы Кеңес Одағы құлаған соң, Қырғиқабақ соғыс та аяқталды деп есептеледi. Бiрақ Ресей мен кейбір батыс елдері арасындағы қатынастарда шиеленістің еселене түскенiн ескерсек, Қырғиқабақ соғыс шынында да аяқталды ма деген сұрақ туындайды. Осыған орай бұл туралы үш тарихшы өз пiкiрлерiмен бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы BBC History журналына сілтеме жасап. 

Владислав Зубок

«Бір таңқаларлығы - Батыс популистері енді Ресейді әлеуетті одақтас ретінде көріп отыр»

1991 жылы Қырғиқабақ соғыс аяқталған жоқ - Мәскеудегі посткеңестік элита арасында, Ресеймен көршілес елдерде және Вашингтонда осындай пікір болып жүрді.

Посткеңестік элита дегенiмiз бұл антиамериканизм идеясынан шабыт алып, АҚШ Ресейдің күшті де тәуелсіз ел болуына мүмкіндік бермейді деген сенімдегі әскерилер, МҚК-нің бұрынғы қызметкерлерi және орыс ұлтшылдары.

Ресеймен көршілес елдердегі 1991 жылдан кейін билікке келген ұлтшылдар бұл елде ешқашан тұрақты либералды демократия болмайды деп пайымдады. Сол себепті олар алдын алу стратегиясын: НАТО-ға кіруді және Ресейдің бұрынғы геосаяси күш-қуатының қалпына келуiне жол бермеуді таңдады.

Ақырында Вашингтонда Қырғиқабақ соғыстың жақтаушылары 1990 жылдардағы Ельцин режимін ұзақ мерзімді және авторитарлық саяси бағыттан қысқа мерзімді жалтару деп бағалады. Олардың пікірінше, күш қуатын қалпына келтірген соң, Ресей қайтадан АҚШ-қа қарсылас болады. Сондықтан бұл адамдар тобы НАТО нын кеңеюін «бейбітшілік пен демократия аймағы» ретінде қолдайтын либералдардың ұстанымы пайдалы деп санады.

Осы көзқарастардың жиынтығы бір күні көрегендік болып шығатынын ешкім бағамдай алмады. Ресей 2014 жылы Қырымды өзіне қосып алған кезде, шолушылар «Орыс аюы» оралды деп мәлімдеді. Ұмытылған Қырғиқабақ соғыстың ұрандарын еске түсіре отырып, олар бұл оқиғаны «еркін әлемге» төнген қатер, ал Украинаны Ресейдің Еуразияда үстемдік құру жолында алғаш құлаған домино тасы деп бағалады.

Бірақ Путиннің басшылығымен Ресей Кеңес Одағы сияқты соғыс жүргізіп жатыр деп сендіру тарихты бұрмалау. Жаңа жағдайларда, АҚШ пен Еуропадағы ішкі қайшылықтары бар либерализмнiң берiктiгi сынға түсіп жатқан кезде, жаһандық қайта құру орын алуы мүмкін. Либералды-центристік БАҚ-тың Ресейді халықаралық қоғамдастықтың басты жауы ретінде көрсету әрекеттері кезекті қырғиқабақ соғыс өртін тұтандыруға алып келмеді, өйткені олар істің нақты жағдайын тым асырыңқырап жіберіп еді. Бір таңқаларлығы Батыс популистері енді Ресейді исламдық радикализмнен бастап Қытайдың өскелең күшіне дейінгі жаңа сын қатерлерге қарсы күрестегі әлеуетті одақтас ретінде көріп отыр. Бұл мүлде басқа жағдаят. Ал сайып келгенде, Қырғиқабақ соғыс аяқталды және біз жаңа, шатасып шырмалған әлемде өмір сүріп жатырмыз.

Владислав Зубок, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің халықаралық тарих профессоры. КСРО-ның ыдырауы және «аяқталмайтын Қырғиқабақ соғыс» туралы кітаптардың авторы

Роберт Сервис

«АҚШ пен Ресей кейде әлемдік үстемдік үшін күресті бастауға өте жақын келіп қалады»

1940 жылдардың ортасынан басталып, 1980 жылдардың аяғына дейін созылған сәттерде, мысалы, 1962 жылғы Кариб дағдарысы кезінде, екі тараптың бір теріс қадамы ядролық Армагеддонмен аяқталуы мүмкін еді. Әлемге үшінші дүниежүзілік соғыстың қаупі төніп тұрған қырық жылдай уақыттың iшiнде АҚШ пен Кеңес Одағы өздерінің «мінсіз қоғам» моделін ұсыну құқығы үшін бәсекелесті. Капитализм мен жеке азаматтық құқықтар коммунизм мен ұжымдық әл ауқатқа қарсы қойылды. Әр держава мүмкіндігінше «үшінші әлем» елдерімен көбірек одақ құруға тырысты.

1946 жылы Одақ ыдырағаннан кейін Ресей Президенті Борис Ельцин өз елінің демократия, экономикалық либерализм және әлеуметтік плюрализм қағидаттарын ұстанатын мемлекет ретінде танылуына қол жеткізуге тырысты. Б. Ельцин өзінің президенттік кезеңінің көп бөлігін ауыр экономикалық депрессияға және Ресейдің көптеген ap азаматтарының өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуіне қарсы күресумен өткізді.

2000 жылы Владимир Путиннің билікке келуімен жағдаят өзгерді, ол күшті мемлекетті және ұйымдасқан қоғамды жандандыру бағытын ұстанды. Алдымен ол АҚШ президенті кіші Джордж Бушпен байланыс орнатып, америкалық әскерлердің Ауғанстанға кіруін қолдады, бірақ кейін өзінің Шешенстандағы соғыс қимылдарына ыңғайлас қолдау таппай, Батысқа деген көзқарасын өзгертті. Мұнай мен бағасының өсуі Путинге қажетті Ресей кірістерінің газдың әлемдік артуын қамтамасыз етті. Ресей Президенті АҚШ-тың Таяу Шығыстағы саясатына қарсы шығып, Қырымды Ресей құрамына қайтарып алды, Украина аумағына әскер кіргізе бастады және Ресей армиясын жаңғыртты.

Осыларға орай Қырғиқабақ соғыстың қайта басталу мүмкіндігі туралы алаңдаушылықтың негізі жоқ емес. Ресей капиталистiк жүйенiң бiр бөлiгiне айналды, бiрақ әлемдік демократияны ұйымдастыруда көшбасшы болуға үміт артады. АҚШ пен Ресей кейде әлемдік үстемдік үшін күресті бастауға өте жақын келіп қалады. Бұл әлі Қырғиқабақ соғыс емес, бірақ жағдаят шиеленісті болып көрінеді. Сәттілікке үміттеніп, қос саусағымызды айқастырып ұстайық...

Роберт Сервис, Ресей тарихы туралы: «Патшалардың соңғысы» (Маcmillan, 2017), «Кремль қысы: Ресей және Владимир Путиннің екінші рет оралуы». (Picador, 2019) кітаптарының авторы

Кэтрин Мерридейл

«Әскери авиацияның ұшуынан Қырымды қосып алуға дейiн - Ресей халықаралық қағидаларды елемеуді қайта бастады»

Қырғиқабақ соғыс 1991 жылы желтоқсанда аяқталды. Кеңес туы мәңгіге түсiрiлдi, ал Михаил Горбачев билiктiң тiзгiнiн Борис Ельцинге берiп, Кремльдегi кабинетінен кетті. Рональд Рейган бiр кездері «зұлымдық империясы» деп атаған ел ендi болмайды.

Одақтастарынан айырылған Ресей дүркін-дүркiн ХВҚ-нын оң көзiне түсiп, он жыл бойы саяси және экономикалық проблемаларды бастан кешірді. Көптеген ресейлiктердiң тiршiлiгi өте қиын болды, бiрақ елдің басшылығы мен бай адамдар жетістiктiң бәрiне үлгерiп жатты.

Орыстардың жана табы пайда болды, олар сән-салтанаттың дәмін сезiндi, енді оларды Кипрде, Парижде, Кенсингтонда және Бруклинде кездестiретiн болдық. Олардың тобы интерьер дизайны мен жеке мектептер жайын талқылап жүрдi. Бұрынғы барлаушылар мен агенттер тек әдебиет пен кинода қалды, тiптi қырғиқабақ соғыс заманындағы тыңшылықтың шебері әрі жазушы Джон Ле Карре ендi өзiнiң жана романдарындагы іс-әрекетті Кения мен Панамаға көшіре бастады.

Бiрақ 20 жылдан астам уақыт өткен соң жағдаят өзгерді. Ресей кибершабуылдардан бастап полониймен улауға дейiнгi, әскери авиацияның ушығуынан бастап Қырымды қосып алуға дейінгі іс-әрекеттер мен халықаралық қағидаларды елемеудi кайта бастады. Сөйтіп, өткеннің жаңғырығы қаттырак шығуға айналды.

Владимир Путин өзiнің еңбек жолын Қырғиқабақ соғыс кезiндегi МКК-де - 1954 жылдан 1991 жылға дейiн Кеңес Одағының мемлекеттiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз еткен негiзгi органда бастады. Президент шетелде бірқатар құпия операцияларды жүзеге асыратын мұрагер органның жұмыс iстеуiн қолдауды жалғастырып келедi. Сонымен бiрге, ресейлік генералдар iрi әскери топтардың орнын ауыстырып жылжытуда, Таяу Шығыста әскери базалар салуда және Калининградтағы ескі Пруссия бекiнiсiн қару-жарақпен жабдықтауда.

Демократияға тікелей сес көрсетуге байланысты текетipeскe қатысты сөз болғанда, Қырғиқабақ соғыс терминологиясынан қашық тұру қиын. Бiрақ қазiргi әлемдегі жағдаят бұрыңғы болып өткен қақтығысты қайталау емес. Саясат жай нәрсе емес әрі дұрыс болжануы қиын. Бiз дәл қазір не болып жатқанын түсiнуге тырысуымыз керек - тек осы ғана әрi қарай не iстеуiмiз керек екендiгiн түсінуге көмектеседі.

Кэтрин Мерридейл, тарихшы, Ресей тақырыбына маманданған, британ университеттерiнде бiрқатар лауазымдарда болды. Бiрнеше кiтаптың, соның ішінде «Ленин пойызда» (Allen Lane, 2016) кiтабының авторы

Дерек «BBC History» журналынан алынды