Өнім

Неге шетелдік компаниялар Қазақстандағы жол құрылысы тендерлерінен қашып жатыр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде өткен жиында Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр мердігерлердің жол жобалары бойынша тендерлерге қатысу деңгейінің төмендігі туралы айтты,-деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мердігерлер неге тендерге қатысқысы келмейтінін айтып берді. Түрік компаниясы өкілінің айтуынша, құрылыс басталмай тұрып-ақ қиындықтар туындайды.

«Біріншіден, Қазақстан банктері уәде етілген кепілдіктерді толық орындамайды. Осыған байланысты банк кепілдігін алу кезінде клиент тарапынан бюрократиялық процедуралар мен біліктілік талаптарын азайтуға ықпал етуіңізді сұраймыз», - деп бөлісті Ұзынай Барыш.