Әлем

Путин Украинаны келіссөз үстеліне шақырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Владимир Путин Украинаны келіссөз үстеліне шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«Киев ДХР, ЛХР, Запорожье және Херсон облыстары тұрғындарының «қалауын» құрметтеуге тиіс», - деді Путин.

«Біз Киев режимін атысты, барлық қақтығыстарды, 2014 жылы басталған соғысты дереу тоқтатып, келіссөз үстеліне оралуға шақырамыз», - деді Путин.

Оның айтуынша, Ресей өз жерін барлық амалмен қорғайды.

«Киев ДХР, ЛХР, Запорожье және Херсон облыстарының таңдауын құрметтеуге тиіс, тек осы ғана бейбітшілікке апаратын жол болуы мүмкін. Біз қираған қалалар мен елді мекендердің бәрін қалпына келтіреміз. Біз кәсіпорындарды, инфрақұрылымды, денсаулық сақтау жүйесін дамытамыз», - деді РФ Президенті.