Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚайрат Боранбаевқа, оның уәкілетті өкілі Нахановқа, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры Ибулла Сердіге және «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанұзақ Тайырға қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Олар аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды және ақшаны жылыстады деген күдікке ілінді. «Qazaq Gaz» ұлттық компаниясынан (бұрынғы ҚазТрансГаз) газ беру кезінде қаражат ұрлау 2019 жылы бақылаудағы «Азиягаз Чунджа» ЖШС арқылы жүзеге асты.
Ұрланған 14,5 млрд теңге көлеміндегі қаражат кейіннен заңды кәсіпкерлік қызметтен дивиденд бөлу және төлеу желеуімен заңдастырылған. 2010 жылдан бері Боранбаевпен байланысы бар компаниялар ұлттық мүдделерге қайшы келетін пайданы шетелдік есепшоттарға шоғырландырып, Қазақстан газының едәуір бөлігін экспорттады.
Тергеу барысында келтірілген залал толық көлемде өтелді. 38 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражатқа және құны 4,2 млрд теңге жылжымайтын мүлікке тыйым салынды.
Басқа эпизодтар бойынша тергеу жалғасуда.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61