Әлем

Путин тағы бір жарлыққа қол қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Владимир Путин күзгі әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Moscowtimes Telegram арнасына сілтеме жасап. 

Ол әдеттегіден бір ай кеш басталып, 1 қарашадан бастап, 31 желтоқсанда аяқталады. 120 мың адам әскерге жіберіледі. Шақыруға кейінге қалдыруы жоқ және резервте жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер адамдар қабылданады. Олар 12 ай бойы қызмет етеді.

Бас штаб әскерге шақырылғандар Украинамен соғысқа жіберілмейді деп сендірді: демобилизациядан кейін олар үйлеріне кетеді.

Сол қаулымен 1 қазаннан бастап әскерге шақыру бойынша қызмет мерзімі аяқталған сарбаздар, матростар, сержанттар мен старшиналар қызметтен босатылады. Құжат жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қорғаныс министрлігінің күзгі әскерге шақыру жөніндегі сенім телефоны 4 қазаннан бастап жұмысын бастайды.