Bugin
Нұрлан Әуесбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) атынан президенттікке ұсынылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Астанада ЖСДП-ның ⅩⅠⅩ кезектен тыс съезі өтті. Жиында партиялықтар алдағы президенттік сайлауға үміткер ретінде Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдады.
«Съезд Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат етіп сайлау туралы шешім қабылдады», - деді партия төрағасы Асхат Рахымжанов.
Нұрлан Әуесбаев - ЖСДП елордалық филиалының басшысы, 1957 жылы туған. Түркістан облысының тумасы, Астана тұрғыны. Жоғары білімі бар, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, ұзақ уақыт Жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарда жұмыс істеген.