Әлем
Украина қарулы күштері Лиманды бақылауға алғаннан кейін Ресей армиясы ядролық қаруды қолдануға дейін түбегейлі шаралар қабылдауы керек. Бұл туралы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ресей әскери қолбасшылығының әрекетін сынай отырып айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Ресей Қорғаныс министрлігі Жоғарғы Бас қолбасшыға не айтып жатқанын білмеймін, бірақ менің жеке пікірімше, шекаралық аудандарда әскери жағдай жарияланғанға дейін және өнімділігі төмен ядролық қаруды қолдануға дейінгі қатаң шараларды қабылдануы керек», - деді Қадыров.
Ол кез келген шешімді «батыс-американдық қауымдастыққа» қарап қабылдамау керектігін атап өтті.