Қоғам

Ресей азаматы Қазақстанға келу үшін 200 мың рубль төлеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің Минусинск қаласының тұрғыны Қазақстанға жету үшін мемлекетке 200 мың рубль төлеуге мәжбүр болған, - деп хабарлайды Bugin.kz  порталы.

Бұл сома әйелден айыппұл түрінде өндірілген. Оның ішінде жол полициясының төлемдері, мерзімі өткен коммуналдық төлемдер және жеке тұлғаға келтірілген моральдық залалдың орнын толтыру міндеттелген.

Сот орындаушысының хабарлауынша, борышкердің банк шоты бұғатталған. Бұған дейін департамент қызметкерлері оған мүлікті тіркеу әрекеттеріне тыйым салу және оның елден тыс жүру құқығын шектейтін шешім шығарған. Алайда бұл шаралар нәтиже бермеген.  Әйел Қазақстанға кетуді жоспарлағанға дейін қарызын төлемеген.