Қоғам
40 жастағы ер адамды Алматының Алмалы ауданындағы тұрғын үй аумағынан ұрлап әкеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жәбірленушінің әйелі полицияға хабарласқан. Ер адамды босату бойынша арнайы операция Алматының Түрксіб ауданындағы қоймалар аумағында жүргізілді. Қылмысқа қатысы бар топтың 4 мүшесі ұсталды. Олар бұрын бопсалау және бұзақылық үшін сотталған. Ұрланған азамат аман-есен босатылды.
«Оны қатты соққыға жыққан және медициналық көмекке мұқтаж. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босату үшін 200 000 доллар талап еткен», - деді полиция.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Видеоны мына сілтемеден көре аласыздар!