Өнім
Кеңес дәуірінде Эстония КСР-і Еуропада «жеңіл өмір нұсқасы» ретінде қарастырылды. Республикада батыстық музыка ойнайтын дискотекалар болды, дүкендерден пепси мен сыраны қысымсыз сатып алуға болатын еді. Дәл осы Таллиннің «Палас» деп аталатын сәнді мейрамханаларының бірінде біздің кейіпкеріміз – қала тұрғындары «Таллин жыртқышы» ретінде танымал 25 жастағы даяшы Йоханнес-Андреас Ханни жұмыс істеген.
1982 жылы 6 наурызда Таллин қаласында Валдеку көшесінде жеті пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті табылады. Марқұмның қалтасы сыртқа шығарылып, ақшасы, бағалы заттары мен аяқ киімдері ұрланғанымен, тергеушілер кісі өлтірудің жалғыз мақсаты тонау емес екенін бірден түсінеді. Жәбірленушінің жамбасынан кесек ет кесіліп, қандықол етті өзімен бірге алып кеткен. 80-жылдардың басында Таллиннен табылған Мәйітті көрген сарапшылардың көпшілігі ет өлтірушінің садистік бейімділігінен тыс басқа себеп бар екеніне сенімді болды. Себебі мәйіттен ет мұқият кесілген, кәсібилік көзге ұрып тұр.
Кеңестік Таллинде каннибал пайда болды ма? Ер адам көпке дейін көрінбеді. Валдеку көшесі мен оның төңірегінде тұратын тұрғындар марқұмды бұрын-соңды көрмегенін, құжаттары жоқ екенін анықтады. Өлтіруші марқұмның бар дерегін өзімен бірге алып кеткен екен. Таңғы сағат 3-те иттер үріп, тұрғындар сол дауыстан оянып кетеді. Сондықтан оқиға таңғы үште орын алған деген болжам бар. Оқиға орны жеке құрылыс секторына тиесілі болған. Сондықтан әр аулада 1-2 ит болған. Марқұмның әйелі келгенде ғана оның кім екені анықталды. Ол қонақтан келгенде күйеуінің бірнеше күннен бері үйде болмағанын біледі. Кісі өлтірушінің құрбаны теңізші Эймар Вибо екен. Қылмыскер одан ақша мен қымбат етік, матрос кітабы мен күміс сақинасын алып кеткен.
Таллин. 1980 жыл басында.
Келесі кісі өлтіру оқиғасы Таллиннен алыс жерде, Эстонияның солтүстік-шығысындағы Йохви қаласында орын алады. 1982 жылы 22 мамырда зейнеткер Иван Сивицкий өз үйінде өлі күйде табылады. Оны өлтірген адам жүрегіне төрт рет пышақ сұғып алған, содан кейін ол Вибо жағдайындағыдай жамбасынан ет бөлігін кесіп алған. Қылмыскер сонымен қатар фланельді жейде мен былғары жилетканы алған. Таңба ұқсас болғанына қарамастан, бұл істің Валдеку көшесіндегі кісі өлтірумен байланысы жоқ. Сивицкий жақында Беларусь КСР-ден қыздарына жақын тұру үшін келеді және жау да, дос та табуға уақыты болмаған. Алғашында оны өлтірді деп оның бір күйеу баласы күдікке ілінген. Күдікті маскүнем әрі төбелеске жақын болады. Әрі құрбан болған адам мен күйеу баласы бір күн бұрын жанжалдасып қалған. Бірақ күдікті күйеу қария өлтірілген күні бірнеше шақырым жерде ішімдік ішкен.
Екі айдан кейін тағы бір кісі өлімі тіркеледі. Лаагри ауылының маңындағы орманда таңқурай теріп жүрген зейнеткер Евгения Кольцованы зорлап, пышақтап өлтіріп кеткен. Жәбірленушінің денесі тек күзде табылады. Ал жабайы жануарлар денені адам танымастай күйге түсіреді. Кісі өлтіруші автобус билеті және марқұмның синтетикалық киімнің қалдықтарындағы орамал мен түймелер арқылы анықталды. Таллиннің әйгілі «Палас» мейрамханасының 25 жастағы әдемі даяшысы Йоханнес-Андреас Ханни каннибал маньяктың стереотиптік бейнесіне мүлдем сәйкес келмейді. Лайықты жалақысы бар жақсы жұмыс, тартымды келбет, сәнді киім, сүйікті жар, Таллиндегі пәтер - жас жігітті ешнәрсеге мұқтаж етпейтіндей еді. Бірақ Иоганнестің шынайы бейнесі өзіне ғана мәлім болады. Жігіт екі рет ұрлық жасағаны үшін сотты болған екен. Ханни бисексуал болады. Қанішер провинциялық баптист пасторының отбасында өскен, онда балалар кішкентай қылмысы үшін қатты соққыға жығылған. Иоганнес ата-анасын жек көретін, сондықтан көше оның екінші үйіне айналды. Ерте жастан көшеге тұруға қамданған жігіт қысқа уақытта сотталады. Колонияда қысымға ұшырап, өзге қылмыскерлер тарапынан құқығы тапталады. Жігіт бұл факторға қынжылып, ішіндегі зұлымдық арта береді.
Йоханнес әйелі Пилменді бала кезінентаниды. Қыз страбизмнің ауыр түріне шалдыққан, тіпті операциядан кейін де арнайы көзілдірік киюге мәжбүр болған екен. Пил Йоханнеске сәтсіз некесінен соң жолығады. Бірінші күйеуі Пилді жұмыстағы қарым-қатынасы үшін үйден қуып жібереді. 19 жасар Пилла Йоханнесті қалай бар, солай қабылдауға дайын болды. Пил оны қатты жақсы көрді. Кейін тергеу изоляторында ол күйеуі алғаш рет үйге адам етін әкелгенде қорқып кеткенін мойындайды. Бірақ кейін ол: «Ет болса, қуыру керек» деп ойлағанын жасырмады. Матрос Эймар Вибоның жамбасының бір бөлігін жап-жаңа табада қуырады. Бірақ олар еттен жиіркеніп, көп жи алмайды. Пилле адам майы бар табаны да жумай, қоқыс жәшігіне апарып тастайды. Осыдан кейін ерлі-зайыптылар Сивицкиді өлтіргеннен кейін қайтадан адам етінің дәмін татады. Бірақ оларадам етінің дәмі ұнамайды.
Әйел тергеушілерге күйеуінің қатыгездігін, оны қорқытқанын айтады. Ол күйеуінің өміріне қауіп төнуінен қорқып, адам етін пісіріп жегенін мойындайды. Тағы бір кісі өлтіргеннен кейін Йоханнес Пил опасыздық жасады ма деп уайымдайды. Әйелінің әмиянынан ол «мойындауға тырыс» деген жазбаны тауып алады. Содан кейін ол әйелді өлтіруге шешім қабылдайды. Бір түні әйелінің басынан балғамен ұрады. Бірақ Пил айғайлап, маньяктың шабуылынан қорғанады. Йоханнестің бастаған ісін аяқтауға батылы жетпейді. Ол әйелін фельдшерлік-акушерлік пунктке апарып, оған көмек көрсетіледі. Өзі әйелін түнгі көшеде белгісіз біреу шабуылдағаны туралы «өтірік» ойлап табады. Бірақ Пил ерте ме, кеш пе күйеуінің оны өлтіретінін түсініп, Йоханнесті полицияға тапсыруға шешім қабылдайды.
Ол Йоханнес ұрған балға мен қанды жастық қапты жасырып қояды. Ханни, керісінше, әйелін қанды оқиғаға қатыстырып, сыбайлас еткісі келеді. Ерлі-зайыптылар таксиде отырып, жүргізушісіне шабуыл жасайды. Бірақ ол Йоханнестен бірнеше рет пышақ жарақатын алып, босап, қашып кетеді. Содан кейін Пил пышақ бергенімен, өлтіруші күйеуіне көмектесуден үзілді-кесілді бас тартады.
Тергеушілер мен Ианнес Ханни (ортада) Сивицкийдің ауласында
Пил жұмыс орнындағы жазу машинкасына кінәсін мойындау парағын қалдырады. Әріптестері жазбаны тауып алып, бірден полицияға өткізеді. Жедел уәкілдер ерлі-зайыптылардың үйіне Йоханнес үйде болмаған кезде келіп, көп қиналмай, жәбірленушілердің бірнеше заттарын тауып алған. Олар каннибалды бір мәселені шешеміз деген желеумен мейрамхана директорының кабинетіне шақырып, жұмыс орнында құрықтайды. Иоганнес Ханни жасаған қиянаты үшін еш өкінбейді. Ол тергеуге құрбандарды кездейсоқ таңдағанын айтады. Әйелімен жанжалдан кейін немесе жұмыстағы қиындықтардан кейінашуын басу үшін адам өлтіргенін айтқан. Маньяк өзінің каннибализмге тәуелділігін түсіндіре алмайды. Сараптама оны психикалық теңгерімсіз, бірақ өз әрекеті үшін толық жауап беруге қабілетті деп қорытынды шығарады. Таллиндік каннибал тек өзінің өмірі үшін ғана өкінеді. Ол тергеу изоляторындағы камерада асылып өледі.
Пилдің қазіргі бейнесі
Пил Ханнидің сыбайласы ретінде 12 жыл түрмеде отырады және КСРО ыдырағаннан кейін босатылып, Финляндияға қоныс аударады. Пил өз кешірмесін сата бастайды. Пил телешоулардың тұрақты қатысушысына айналады. Кейбір баспасөздерге ақылы негізде сұхбат береді. 2008 жылы «Мен жыртқышты жақсы көрдім» кітабын жазады. Өзінің әдеби толғауларында бәріне күйеуінің дұрыс емес тәрбиесі мен жағдайын кінәлап, өзін ақтайды.