Bugin

ІІМ Қазақстанға қанша ресейлік келгенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанға қанша ресейлік келгенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«Қазақстанға 200 мыңнан аса Ресей азаматы кірді. Бүгінгі таңда елден 147 мыңы кеткен», - деді Ішкі істер министрі.

Ахметжанов Ресей азаматтарының кіруіне ешқандай шектеулер болмайтынын айтты.

«Мобилизация туралы алған жарияланған кезде кептеліс болды. Кешеден бері бәрі тынышталды. Мысалы, кеше елімізге Ресей Федерациясының 7 мыңнан аса азаматы кірсе, 11 мыңға жуығы басқа елге кетті», - деп қосты ол.