Bugin
Клиникалық өлім – өмір мен биологиялық өлім арасындағы өтпелі кезең. Бұл қысқа мерзімді қамтиды. Әдетте бес-алты минуттан аспайды, жүрек соғуын және өкпе тыныс алуын тоқтатады. Мұны бастан кешкендер ерекше көріністер: қараңғы туннель, періштелермен және қайтыс болған туыстарымен кездескенін айтып жатады. Ендеше, клиникалық өлімді бастан кешірген кезекті бір кейіпкердің оқиғасына тоқталып өтсек.
Светлана, 58 жаста, графикалық дизайнер
Мен өз-өзіме қол жұмсаған кезде отыз жасқа да толмаған едім. Олай жасауыма себеп болған отбасылық жағдайлар болды. Сәтсіз неке, ажырасу және сатқындықпен аяқталған махаббат хикаялары. Ол кезде мен бүкіл әлемге ренжідім. Не себепті өмір сүріп жүргенімді түсінбей әлектендім.
«Балалар көрші бөлмеде ұйықтап жатыр еді. Таңертең әке-шешем оларды алып кетсін деген оймен пәтердің есігін ашық қалдырдым. Бірақ кенеттен көршім үйге кіріп, не болғанын көрген. Сосын дереу жедел жәрдем шақырған. Мені жедел жәрдем бөлмесіне апарды. Содан кейін жер бетінде жоқ аппақ жарық пайда болды»:
«Тұр да үйге қайт. Сенде бәрі жақсы ма? Маған сеніңіз!», - деді де, шам сөнді.
Келесі күні таңертең мені әдеттегі бөлмеге ауыстырды. Дауысқа сенгенім сонша, сынақтан өткен соң үйге қайтуға бел будым. Менің төсекте ұйықтап жатқанымды көргенде ата-анам қатты таң қалды. Содан бері көп ұйықтап, не болғанын ой елегінен өткіздім.
Нотаны білмей музыка жазып, поэзияға құмарта бастадым
Менің ауруханада естіген дауысым мені тастамады, үнемі жанымда болды: «Жақсы жүрсің. Маған сен» - дегендей қолдаулар білдіріп жүрді. Ал мен оған сендім. Қазіргі таңда, үш балам, үш немерем бар.
Сол оқиғадан кейін, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, энергиямен бөлісіп, мейірім мен махаббат сыйлауым керек екенін түсіндім. Егер мен біреуге көмектессем, бұл менің жердегі миссиямның аяқталғанын білдіреді. Әрқайсымыздың ішімізде үлкен жанның бір бөлшегі бар екеніне сенемін. Ол қорғауды және тәрбиелеуді қажет етеді. Мен өмірімнің осылай өзгеретінін елестеткен жоқпын, өйткені мен өлемін деп үміттендім. Бірақ, ол жағдайдың жүрегімдегі ашу-ыза мен ренішті жою үшін берілгенін енді түсіндім.