BUGIN
Бай болу – лотореядан шыққан ұтыстай. Барлық адам тырысқанымен санаулы адам ғана табысқа жетеді. Ата-анасы бай болмаса да, еңбегі арқылы байыған балалар жетерлік. Bugin.kz порталы назарларыңызға миллионер балалардың кәсібі, табысы туралы топтама материал ұсынады!
Сену қиын, алғашқы миллионын 18 жасқа толмай-ақ табатын дарынды балалар бар. Олар данышпан да емес, атақты тұлғалардың перзенті де емес. Жай қарапайым көп баланың бірі. Алайда олар бүгінгімақаламыздың– таңдаулылары.
Кэмерон Джонсон
Кэмерон 9 жасынан бастап құттықтау хаттарын даярлауға қызығады. Ол мектеп қабырғасында жүріп-ақ компаниясының іргетасын қалайды. Ал мектеп бітірген кезде оның компаниясы айына 400 доллар табыс әкелетін бағдарламалаумен және интернеттегі жарнамамен айналысатын еді.
Адам Хилдрет
Адам өзінің алғашқы әлеуметтік желісін 14 жасында құрады. Ол қазір балаларды қорғау технологиясы бойынша онлайн компанияның басшысы.
Джульетта Бриндак
Джульетта 10 жасында «Miss O & Friends» әлеуметтік желісінің негізіне айналған кейіпкерлерін ойлап табады. Оның компаниясы қазір 15 миллион долларға бағаланады.
Тайлер Дикман
Тайлер 5 жасынан іске кірісіп, түрлі идеяларын жүзеге асырады. Ол шөп шауып, лимонад сатып, іскерлік танытады. 15 жасында компьютер жөндеу компаниясының негізін қалайды. Бірнеше жылдан кейін оның компаниясы 1 миллион долларға бағаланады.
Мэдди Брэдшоу
10 жасында Мэдди мектептегі шкафын безендіргісі келеді. Бірақ ол өзінің көңіліндегі бұйымдарды таба алмай дал болады. Таппағаны да дұрыс болған. Себебі ол өзінің көңіліндегі заттарды өзі жасап бастайды. Қиялына қанат біткен Мэдди кейіннен дизайнерлік компаниянының негізін қалайды. Сол арқылы миллиондаған қаражат табады.
Микайла Ульмер
Микайла 11 жасында әжесінің лимонад рецептіне қызығушылық танытады. Себебі лимонад дәмі өте ерекше, өзге өнімдерге ұқсамайды. Осы рецепт арқылы ол түрлі телеарнадағы бағдарламаларға шақырту алып, көгілдір экраннан көрінеді. Адамдардың қызығушылығын оята білгендіктен оның өнімдері АҚШ-тың ең ірі супермаркеттерінде саудаланады.
Фрейзер Доэрти
Фрейзер – данышпан аспаз. Ол 14 жасында әжесінің рецептімен джем дайындайды. Оның дәмді джемін алу үшін адамдар ұзын-сонар кезекке тұрады. Екі жілдің ішінде тұтынушыларын қалыптастырып үлгерген Фрейзер 16 жасында мектептегі оқуын тастауға мәжбүр болады. Себебі ол өзінің джем жасайтын кәсібін компания көлемінде ұлғайтады.
Киова Кавовит
Киова небәрі 6 жасында жараға сұйық күйде жағуға болатын гипс ойлап табады. Ол өзінің өнертабысын таныстыру мақсатында телевизиялық бағдарламаларда бой көрсетеді. Сол арқылы оның өнертабысына қызығушылар Киоваға инвестиция алады.
Мэдисон Робинсон
Мэдисон ерекше дизайндағы сүйретпе тәпішкелерін жасап бастағанда 15 жаста еді. Бастапқыда оның өнімдерін тек жасөспірімдер тұтынады. Бәрі жақсы дамып, оның кәсібі кейіннен ересектер үшін де аяқ киім өндіре бастайды.
Элиза Макмиллан
Элиза да басқа аспаз балалар секілді әжесінің рецептін қолданып, табысқа жетеді. Алғашқыда шоколад жасайтын цех ашып, кейіннен кондитерлік фабриканың иесіне айналады.Элиза шоколад жасап бастағанда небәрі 11 жаста еді.