Әлем

Табан астынан байыған адамдардың хикаясы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Миллиондар – маңдар термен келеді. Табанынан тозып тиыннан теңге құрай білгендер ғана табысын молайтып, әмиянын қампайта алады. Бұл әрине баршамыздың көз алдымыздағы баю формасы. Алайда кішкене сәттілікпен бай боп кеткендер де жеткілікті. Сенбейсіздер ме? Онда назарларыңыз бізде болсын!

Филипе Озерский және бейсбол

Кейде сәтті уақытта, сәттілік сыйлайтын орын болады. Мысалы, Филипе Озерский бейсбол ойыны кезінде трибунадағы 40 мың адамның бірі болатын. Алайда көрермендер арасына лақтырылған допты қағып алған сәттен бастап Фелиппе еің бақытты көрерменге айналады. Себебі допты АҚШ-тағы ең табысты және атақты бейсболшылардың бірі лақтырғандықтан Фил допты аукционда қымбатқа сату мүмкіндігіне ие болады. Оның қағып алған добы 3 миллион долларға бағаланған. Осылайша әп сәтте миллионер

Эрик Лоуз және қазына

Британдық Эрик Лоуз жай ғана жоғалған балғасын іздеп әбігерге түседі. Осы әуресі оны байлардың қатарына қосты. Балға табылмаса да, балғадан қымбат мың жыл сақталған монета, зергерлік бұйымдар тауып алады. Заң бойынша жолы болған адам қазынаны ел үкіметіне беруі керек еді, бірақ адам мемлекеттен олжаның құнына тең өтемақы алатын. Керемет сәттіліктің арқасында Эрик шамамен 1,5 миллион доллар тапты.

Элиас Фергюсон және газет үйі

Келесі кейіпкеріміз қарызының арқасында байыған. Нью-Йорк тұрғыны Элиас Фергюсон ешқашан пошта хабарлламасын, соның ішінде газеттерді лақтырмайтын. Қарыздарының кесірінен үйінен қуылатынын білген ол газеттерін сыртқа шығарып, жанталасады. Бірнеше сағаттан кейін туристер оның айналасына жиналып, ерекше құрылымды қызықтайды. Содан кейін бір іскер американдық үйдің алдына «Нью-Йорк газеттерінің бірінші үйі, кіру 1 доллар» деген жазуды орнатып береді. Өздеріңіз ойлағандай, көп ұзамай Фергюсон бір үй емес, бірнеше сарай сатып ала алды!

Кристофер Кох және Bitcoin

Норвегиялық студент Кристофер Кохтың басынан керемет оқиға өтеді. 2009 жылы шифрлау туралы эссемен жұмыс істеу кезінде ол Bitcoin криптовалютасына назар аударады. Жас жігіт жұмысының практикалық бөлігі үшін бар болғаны 30 долларға 5000 биткоин сатып алады.

Студент жасаған саудасы туралы ұмытып та кетер ме еді? Араға 4 жыл салып, Биткоин бағамын естіп талып түсе жаздайды. 30 долларға алған биткоины 900 мың долларға бағаланады. Осылайша ол бір-ақ күнде байлардың тізіміне енеді.

Ларри Росс және хот-дог

Сіз кәдімгі 2 долларлық хот-дог сізге бірнеше миллион немесе одан да көп пайда әкелетіні туралы ойлап көрдіңіз бе? Дегенмен, қарапайым американдық Ларри Росс үшін қазір өмірде бәрі мүмкін. Түскі үзіліс кезінде ер адам тамақ ішіп, хот-дог сатып алғысы келген. Сатушы қайтарымға ақша таппай әбігер болады. Ларри қайтарымға ақша орнына лоторея билетін ала салады. Лотореядан Росс 90 миллион доллар алды!