Weekend

Алматыдағы атышулы алып тиінді өртей ме?

Тиінді өртеп жібере ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көпшіліктің талқылауына түскен Алматыдағы алып тиінді өртемейтін болды. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлайды.

Телеарнаның мәліметінше, Наурыз мерекесінде алып тиіннің жанында түрлі жәрмеңкелер өтіп, халық ұлттық тағамдардан дәм татып, кешкі сағат 9-да арнайы отшашуды тамашалай алады.

Nowryz Рarty фестивалінің жетекшісі Алеся Нугаеваның айтуынша, суретші арт-нысанды сабннан жасау арқылы Алматыдағы ауаның лас екенін көрсеткісі келген. Сонымен қатар, тиін көпшіліктің сүйікті мүсініне айнлып үлгерген. Қазір бұл жерге тұрғындар көп жиналады. Ол бұл жерді халықтың тұрақты демалатын орнына айналғанын қалайды.  

Телеарнадағылардың мәліметіне сүйенсек, биіктігі 4 қабатты үймен бірдей тиінді жасауға 15 тонна темір мен болат, 3 тонна ағаш және 3 тонна сабан жұмсалған. Жоба авторы - ұлыбританиялық суретші Алекс Ринслер өзінің мұндай өнер туындыларын уақыты келгенде өртеп жібереді екен. Бұл жолы мүсін қала ортасында орналасқандықтан, автор оны өртемеймін деп шешіпті.