Әлем

Путин Қадыровқа тағы бір жаңа шен берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Владимир Путин Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа Украинадағы соғыс басталғаннан бері екінші рет генерал шенін берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Ресей президенті маған генерал-полковник шенін берді. Жарлық № 709. Бұл туралы маған Владимир Владимирович өзі хабарлап, құттықтады. Еңбегімді жоғары бағалаған Жоғарғы Бас Қолбасшымызға шексіз алғыс айтамын! Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Мен алдын ала артылған сенімді ақтаймын деп сөз беремін», - деді Шешенстан басшысы.

Бұл нөмірдегі қаулы құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында әлі жарияланған жоқ.

Ресейде генерал атағын президент жарлығымен береді. Генерал-полковник - қазіргі Ресей армиясының ең жоғары шендерінің бірі. Бүгінде армия генералы деген жоғары атаққа, мысалы, Қадыров сынға алған қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Бас штаб бастығы Валерий Герасимов ие.