Өнім

Украинаның жеңісі жақын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украин әскерилері Херсон облысындағы Ингулец өзенінің жағасындағы маңызды Давыдов Брод ауылын азат етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл аймақ бірнеше ай бойы орыстардың негізгі тірегі болды. Әскери стратегияда маңызды елді мекен үшін екі ай бойы кескілескен шайқас орын алды. 4 қазанда орыс әскерилері «қоршауда қалу қаупінің туындауына байланысты» бұл аймақты босатты. Ресей күштері жақын маңдағы басқа да көптеген ауылдарды тастап кетті. WarGonzo жобасының негізін қалаушы Семен Пегов Украина армиясы «майданда елеулі серпіліс жасап», Ингулец өзенінің сол жағалауындағы жолдарға «толық бақылау орнатқанын» жазды.

4 қазанда Украина Қарулы Күштерінің 35-ші жеке теңіз бригадасының жауынгерлері Давыдов Брод елді мекенінде Украина туының орнатылғанын көрсететін бейнеролик жариялады. Украинаның «Оңтүстік» құрлық күштерінің жедел қолбасшылығы Давыдов Бродтан басқа тағы жеті елді мекен азат етілгенін растады: Любимовка, Беляевка, Украинка, Великая Александровка, Малая Александровка, Крещеновка және Золотая Балка. Тізімдегі соңғы екі ауылды қайтарып алғаны 1 қазанда белгілі болды.