Әлем
Ресей президенті үкіметке «Запорожье атом электр станциясындағы атом электр станцияларын федералдық меншікке қабылдауды қамтамасыз етуді» тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сонымен қатар, станцияны пайдалану үшін «Запорожская АЭС» Федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорны мен «Запорожье АЭС-ін пайдалану ұйымы» АҚ құру жоспарлануда.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин өз-өзіне тәуелсіздік жариялаған «ДХР» және «ЛХР», сондай-ақ басып алынған Херсон және Запорожье облыстарының территорияларын аннексиялау туралы заңдарға қол қойған болатын.
Мемлекеттік Дума бұл заңдарды 3 қазанда қабылдады, ал келесі күні Федерация Кеңесі бекітті.
Ресейдің Конституциялық соты 30 қыркүйекте Кремльде қол қойылған «Украинаның оккупацияланған аумақтарын Ресей Федерациясының құрамына қабылдау» туралы келісімдерді мақұлдады.