Спорт

Роналдудың хет-тригі: «Ювентус» 1/4 финалда

Криштиану Роналду хет-трик жасап, командасына жеңіс сыйлады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалына тағы екі команда шықты. Туринде «Ювентус» (Италия) «Атлетикаоны» (Испания) 3:0 есебімен ұтса, «Манчестер Сити» (Англия) өз алаңында «Шальке» (Германия) қақпасына 7 гол соқты.

Алғашқы ойында мадридтік команда 2:0 есебімен ұтқан еді. Алайда қарымта ойында «Ювентус» қарсыластарынан басым болды. Криштиану Роналду хет-трик жасап, командасына жеңіс сыйлады.

«Ювентус» сұрмергені ойынның 27 минутында есеп ашса, екінші голды 48 минутта соқты. Екі голды да баспен соқты. Кездесу аяқталар тұста Хименес өз айып алаңында Бернардескиге қарсы ереже бұзып, бас төреші Бернд Кейперс пенальти белгіледі. Роналду бұл мүмкіндігін мүлт жібермеді.

Айта кетейік, қос ойын қорытындысы бойынша италиялық команда 3:2 есебімен 1/4 финалға шықты. Роналду  хет-трик көрсеткіші бойынша Лионель Мессимен теңесті (8 хет-трик).