Қоғам

Небәрі бір айда табысын 3 есе арттырған Кәусария құпиясымен бөлісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жылдам оқу бойынша ұстаз, брейн-тренер Кәусария Сағадатқызы журналист Жазира Байдалыға берген сұхбатында жылдам оқудың артықшылықтары туралы айтты.

 «Жылдам оқудың мүмкіндіктерін көрсету үшін 30 күнде 30 кітап оқыдым. Өте көп миды жаратын ақпарат алдым. Бірақ ең негізгі ой, идея 27-ші не 28-ші күні оқыған кітаптан келді. Ол кітаптан алған идеямен бір айлық табысымды 3 есе арттырдым.

Бұл – «Жесткий тайм-менеджмент» деген кітап. Кітапта әр адамға өз уақыты қанша тұратынын есептеуге тапсырма беріледі. Сол тапсырманы орындай отырып, қазіргі табысым қанша және уақытым қанша тұрғанын қалаймын деген екі сұраққа жауап бердім. Сол кезде уақытымнан төмен тұратын ұсыныстардан бас тарта бастадым. Сонда алдымнан жаңа мүмкіндіктер ашылдым. Табысымды 600  000 теңгеден 1 800 000 теңгеге дейін көтердім.

Жылдам оқуды әр адам әртүрлі уақытта үйренеді. Біз кішкентай балаларға 100 мың сөз оқуды 21 күнде үйрете алмаймыз. Ал ересек адам кітап оқуды әдетке айналдырған болса оған жылдам оқуды үйрету әлдеқайда жеңіл. Себебі оның бүгінге дейін оқыған кітаптары жылдам оқу дағдысын қалыптастыруға әсер етеді. Ал мүлдем кітап оқымаған адам минутына 100 мың сөз оқып кете алады деп айта алмаймын.