Әлем

Әлемде тағы дүниежүзілік соғыс бола ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдемесіне сәйкес, НАТО Ресей Федерациясына қарсы «ескерту» соққыларын жасауы керек. Ол нақты әрекетке көші үшін Ресейдің ядролық соққы жасағанын күтпеу керегін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

«НАТО не істеуі керек? Ол Ресейдің ядролық қаруды қолдану мүмкіндігін жоюы керек... Ескерту оқтары (берілуі керек), егер олар (ядролық қару) қолданса, не күтетінін білуі керек. Керісінше емес. Ресейдің ядролық шабуыл жасауын күтіп, сосын: «Ой, сен солай істедің, міне саған бізден!» деп айту пайдасыз. Қысымды беру әдісін қайта қарау керек. «НАТО процедураны қайта қарауы керек», - деді Зеленский Австралиядағы Лоуи институтында өткен бейнеконференцияда.

Украина президенті НАТО Ресейге ескерту соққыларын қандай қарумен беруі керек екенін түсіндірмеді.

Кремль Зеленскийдің сөзіне қатты жауап берді.

«Әлемнің барлық елдері Зеленскийдің бұл мәлімдемесіне назар аударуы керек. Әсіресе, АҚШ, Ұлыбритания және Еуроодақ бұл сөздерге мән беруі керек. Ең алдымен, алғашқы екеуі», - деді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

«Мұндай мәлімдемелер келесі дүниежүзілік соғысты бастауға шақырудан басқа ештеңе емес, оның болжау мүмкін емес қорқынышты салдары болады», - деп қосты Песков.