Спорт
Танымал қазақстандық боксшы, «қазақ» лақап аты бар Қанат Ислам Америка Құрама Штаттарында өтетін кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Bugin.kz.
Қазақстандық боксшы Аргентина өкілі, «Құбыжық» лақап атымен танылған Хавьер Франсиско Макиэлмен жекпе-жек қарсаңында орта салмақ дәрежесін сақтап қалды.
Жекпе-жек бүгін, 7 қазанда Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтеді.
Ислам соңғы жекпе-жегін британдық боксшы Джимми Келлиге қарсы өткізіп, жеңілген еді. Жекпе-жек орта салмақтағы WBO Global титулы үшін өтті.