Әлем
Дүниеде «қара мысық» алдын кесіп өтпек түгілі жолына жатып алса да, жолы болғыш адамдар көп. Найзағай жарқылы, ядролық жарылыс, көлік апаты… Қысқасы, біздің кейіпкерлердің өмірі ең қауіпті жағжайда да жалғаса береді.
Билл Морган
Австралиялық Билл Морганның көлігі жүк көлігімен соқтығысады. Әдетте адамдар тіл тартпай кететін жағдайдан ол аман шығады. Билл де қайтыс болғандар қатарына енген еді. Бар жоғы 14 минуттан кейін ол өмірге қайта оралады. Ол 12 күн комада болады. Барлығы оның өмір сүріп кетуінен үміт үзеді.
Билл таңғажайып жағдайда тірі қалады. Өмірге «екінші рет келгенін» тойламақ болған ол лотерея билетін сатып алады. Лотереядан 17 000 (қазіргі уақытта шамамен 25 000) АҚШ доллары тұратын көлік ұтып алады. Жергілікті телеарна оны эфирге шақырып, сұхбат уақытында лотерея ойнауды ұсынады. Билл эфир кезінде тағы да 250 000 АҚШ долларын ұтып алады.
Эдвин Робинсон
Найзағай жарқылы өте аз жағдайда ғана адамдарға зиян тигізеді. Бірақ мүмкіндігі шектеулі адамдардың найзағайдан қорғануы қиынырақ. 62 жастағы Эдвин Робинсоннің басынан осыған байланысты ерекше жағдай өтеді.
Есту және көру қабілеті зақымданған Робинсон үйінің жанындағы алаңқайды алюминий таяғымен аралап жүргенде жаңбыр жауа бастайды. Ол ағаштың астын паналайды. Найзағай жарқылы ағашқа түсіп, Робинсон жарақат алады. Робинсон 20 минут бойы ес-түссіз жатады. Содан кейін оянып, үйіне қайтады. Шын мәнінде найзағай жарқылы тиген соң, адамның денсаулығы едәуір зақымданады. Таңертең оянғанда Робинсон қайтадан естіп, көре алады. Робинсонның аман қалуына аяқ киімінің резеңке табаны сеп болған деген болжам бар.
Джоан Гинтер
Астероидтың адамның басына соғылу ықтималдығы лотереядан ұту мүмкіндігінен көбірек. Бірақ бұл фактор Джоан Гинтерді тоқтата алмады. Ол өмірінде төрт рет лотерея ұтып алды, бұл бүкіл әлем ғалымдарын таң қалдырады. Ұтыс көлемі жай ғана 20 немесе 50 доллар емес, ол әр жолы миллиондаған доллар ұтып алады.
Барлығы 5,4 миллион доллар ұтыс ұтқаннан басталады. Ол кейіннен араға 10 жыл салып, 2 миллион доллар ұтып алды. Тағы екі жылдан кейін ол 3 миллион доллар ұтып алады. Содан кейін 2008 жылы таңқаларлық жағдайда 10 миллион доллар ұтып алады.
Цутому Ямагучи
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Цутому Ямагучи Mistubishi Heavy Industries компаниясында жұмыс істеп, бүкіл елге саяхат жасайды. 1945 жылы оның Хиросимаға миссиясы кезінде бірінші атом бомбасы тасталады. Ол жараланғанымен, жарылыстан аман қалады. Осыдан кейін ол Нагасакидегі отбасына тез оралады, бірақ жұмысқа оралған күннің ертеңіне екінші ядролық бомба тасталады. Оны әлемдегі ең бақытсыз адам деп айтуға болар еді, бірақ ол осы екінші жарылыстан да аман қалады.
Ямагучи өмір бойы ядролық қару мен технологияға құмарлыққа қарсы болып өтті. Сұхбатында ол: «Атом бомбасын жек көруімнің себебі – оның адамгершілікке жаттығы», - дейді. Кейінірек телефон арқылы берген сұхбатында ол: «Мен әлем ядролық бомбаларды неге жойғысы келмейтінін түсінбеймін. Біз бұл қаруды қалай дамытуды өашанғы жалғастыра береміз?»,-деп айтады.
2009 жылы Жапония ресми түрде Ямагучиді «екі ядролық жарылыстан аман қалған адам» деп таныды. Бұл оны осындай жағдайда тірі қалған әлемдегі жалғыз адам етті. Ямагучи мырза ұзақ өмір сүріп, Нагасакидегі үйінде 93 жасында қайтыс болады.