Спорт
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам АҚШ-та «Құбыжық» лақап аты бар Хавьер Франсиско Макиелді жеңді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 КО) Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида) өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Онда ол «Құбыжық» лақап аты бар аргентиналық Хавьер Франсиско Макиэльмен (34-17, 23 КО) жұдырықтасты. Орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген және төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Қанат Ислам жеңіске жетті. Ол сегізінші кезеңде қарсыласын нокдаунға түсірді», - деп хабарлайды басылым.
Қанат Ислам кәсіпқой мансабындағы 29-шы жеңісіне қол жеткізсе, Хавьер Франциско Макиэль 18-ші жеңіліске ұшырағаны атап өтілді.