Әлем

Солтүстік Корея Жапон теңізіне баллистикалық зымыран ұшыруда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыран ұшырды деген болжам бар,- деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Оңтүстік Корея әскерилеріне сілтеме жасап Yonhap ақпарат агенттігі хабарлады. Алайда бұл ақпаратқа ресми түсініктеме жоқтығы атап өтілді.

«Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай белгісіз баллистикалық зымыранды ұшырды», - делінген агенттік хабарламасында. Бұл соңғы екі аптада жетінші рет орын алып отыр.

Зымыранның ұшырылуына Жапония да назар аударды. Елдің жағалау күзеті қызметінің мәліметінше, зымыран жергілікті уақыт бойынша сенбіден жексенбіге қараған түні ұшырылған. Қызмет аймақтағы кемелерді зымыран қалдықтарын тапқан жағдайда дереу билік органдарына хабарласуға шақырды.

Елдің жағалау күзеті зымыранның құлағанын атап өтті. Алайда оның қай жерде құлағаны белгісіз.