Әлем

Зеленский Путинмен келісе ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің украиналық бейбіт тұрғындарға қарсы терроры Мәскеудің бейбіт келіссөздерден бас тартуының дәлелі, деді жексенбі күні кешкі сөйлеген сөзінде Украина президенті Владимир Зеленский.

«Осы түнгі соққылар Ресейдің Запорожьеге зымырандық соққыларының сериясын жалғастырды, тек осы аптада, 3 қазаннан бастап, кемінде 43 адамның өмірін қиды», - деді ол. «Харьковқа, Донбасс қалаларына, Украинаның басқа қалаларына [ ... ] соққылар жасалды, олардың басым көпшілігі Украинаның азаматтық инфрақұрылымы», - деп күйінішін білдірді.

Зеленский тағы да Ресейді халықаралық деңгейде лаңкестік ел деп тануға, сондай-ақ Украинаны әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен қамтамасыз етуді тездетуге шақырды.

«Террор –міндетті түрде жазалануы керек қылмыс. Мемлекеттік деңгейдегі террор – әлемдегі  бір адамға ғана емес, бүкіл халықаралық қоғамдастыққа қауіп төндіретін ең қорқынышты халықаралық қылмыстардың бірі», - деп қосты Украина президенті.