Bugin
Бета нұсқасында ол әзірге тек WhatsApp Business пайдаланушылар үшін қол жетімді болмақ
WhatsApp мессенджерінің бета нұсқасында премиум жазылым пайда болды. Ол бизнес пайдаланушыларға арналған. Естеріңізге сала кетейік, WhatsApp Business ақылы тарифі жайлы алғаш рет көктемде айтылған болатын.
Premium жазылымды алу үшін алдымен 30 күндік сынақ мерзімінен өтесіз. Енді бұл ақылы жазылымның қандай артықшылықтары бар, соларға тоқталсақ:
- Бизнес аккаунтқа қысқаша сілтеме шығып тұрады. Мәселен парақша мынадай мекен-жаймен ашылып тұрады wa.me/customlink;
- Бизнес аккаунтқа 10-ға жуық құрылғыны қосуға болады. Бұл бір компанияда істейтін бірнеше қызметкерлерге пайдалы болмақ;
- 32 қатысушымен бейне қоңыраулар ұйымдастыру мүмкіндігі бар.
WhatsApp Business Premium бағасы әзірге қанша тұратыны белгісіз. Бірақ жазылым бағасы әр аймаққа байланысты әртүрлі болып өзгереді. Дегенмен қазір өзіміз қолданып жүрген WhatsApp Business-тің барлық қызметтері бұрынғыдай тегін болып қалады делінген.