Өнім

«Шетелдегі қазақ балалары» жобасының жаңа маусымы көрерменге жол тартпақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көрерменнің көзайымына айналған журналист Жанар Байсемізованың «Шетелдегі қазақ балалары» атты авторлық бағдарламасы қайта жанданбақ. Бұл жолы оны көрермендер Jibek Joly арнасынан тамашалай алады.

Шетел азаматтары асырап алған қазақ балаларының тағдыры мен тұрмыс-тіршілігін баяндайтын бұл бағдарлама араға тоғыз жыл салып, көрерменге қайта жол тартты. Көгілдір экранға қайта шыққан авторлық тележобаны енді Jibek Joly арнасы жаңаша форматта елге ұсынбақ.

Арнайы жобаға жауапты топ жақында ғана Еуропаға барып, бағдарламаға қажет түсірілімдерін жасап қайтқан.

«Бұл жолы Германияға кеткен Ерлан мен Бельгияда тұрып жатқан Саританың түсіріп, фильм жасап қайттық. Екі кейіпкерді осымен үшінші рет түсіріп отырмыз. Шетелдіктер асырап алған қазақ балалары халықаралық агенттіктер қамқорлығында әрі Қазақстанның мемлекеттік органдары да бақылауда. Қазақстан қоғамы тарапынан да алаңдаушылық бар. Мұны бала асырап алған шетелдіктер де бұл балалардың жоқтаушысы бар екенін түсінді. Мәселен, Ерлан осы жолы барғанымызда «Әке көрдің бе, қазақтар осындай халық» деп неміс әкесіне мақтанып жатты. Осындайда біз қолға алған жобаның, істеген істің зая кетпегінін ұғасың», - дейді жоба авторы Жанар Байсемізова.

Сондай-ақ түсірілім тобы Испан отбасында тұрып жатқан Ақылбек, Диас, Гүлім атты қазақ балаларының тағдыры мен өсіп жатқан ортасы жайлы бейнематериалдар дайындаған.

Бағдарлама эфирге аптаның жексенбі күндері берілмек. Алғашқы эфирі 2 қазан күні 14:30-жа Jibek Joly арнасынан көрсетіледі.

«Шетелдегі қазақ балалары» жобасы 2009 жылдан басталған. Осы күнге дейін 25 бағдарлама түсірілген екен. Еуропа, АҚШ пен Канададағы қазақ балалары жайлы сыр шертеді. Ал бұл жолғы маусымда 12 бағдарлама түсірілген. Оны жоғарыда айтқанымыздай, Jibek Joly арнасынан көрсетіледі.

«Жобасының мақсаты – отбасылық және рухани құндылықтарды құндылықтар дәріптеу, елімізде бала асырап алу мәдениетін қалыптастыру», - дейді Жанар Байсемізова.