Өнім

Әлемдік Johns Hopkins дарынды балалар орталығы енді Қазақстанда да ашылмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы және Елордада дарында балаларға арналған әлемдік орталықтың филиалдары ашылмақ. Мұны «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әнуар Ұнайбеков айтты.

Оның айтуынша, әлемдік деңгейдегі дарынды балаларға арналған орталық ашу үшін арнайы бағдарлама әзірленбек.

«Елімізде ғылыми-зерттеу бағытын дамыту мақсатында дарынды оқушыларға арналған білім беру бағдарламасын әзірлейміз деп ойлап отырмыз. Мұндай бағдарламаны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірден-бір халықаралық білім беру нысаны – бұл Johns Hopkins атындағы ұйым. Біз осы ұйыммен меморандум отыруды жоспарлап отырмыз», - дейді Әнуар Ұнайбеков.

Қазіргі таңда әлемде Johns Hopkins ұйымының дарынды балаларға арналған 13 ортағы жұмыс істейді екен. АҚШ, Гонконг, Ирландия мен Грекия елдерінде орналасқан. Енді білім беру саласының өкілдері Қазақстанда да осы орталықты ашамыз деп жоспар құрып отыр.

«Алматы мен Елордада ұйымның 14-ші орталығы ашылады. Соның арқасында ел оқушыларының халықаралық олимпиадаға қатысу сапасы артады деген үміттеміз. Биыл оқушыларымыз 7 ең беделді халықаралық олимпиадаға қатысты. Дарында балалар 3 алтын, 15 күміс және 9 қола медальді қоржынға салды. Барлығы – 27 жүлде. Қазақстан тарихында бұл абсолюттік рекорд», - деп атап өтті Ә. Ұнайбеков.