Bugin

Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сейсенбіде Қазақстанның бес облысында дауылды ескертулер жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«11 қазанда Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, сондай-ақ, облыстың батысы мен шығысында екпіні секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады», - делінген дауылды ескертуде.

Түркістан облысында солтүстікте шаңды дауыл болады деп күтілуде. Жел шығыс солтүстікте, батыста, облыстың таулы аудандарында 15-20, таулы аймақтарды екпіні секундына 23 метр. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде -2 градус аяз сақталады. 11 қазанда Түркістанда шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

«Жел шығыс, солтүстік-шығыс түнде облыстың орталығында 15-20, күндіз көп бөлігінде 15-20, екпіні секундына 23 метр. Қызылордада 10 қазан күні түстен кейін шаңды дауыл, шығыс жел секундына 15-20 метр болады деп күтілуде», - деді «Қазгидромет».

Жетісу облысында сейсенбіде Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыс жел 17-22, екпіні секундына 25 метр болады деп күтілуде.

«11 қазанда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Атырауда 11 қазанға қараған түні оңтүстік-шығыс жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр», - деп ескертті синоптиктер.