Bugin
Беларусь президенті Александр Лукашенко 11-14 қазанда Тәжікстан мен Қазақстанға іссапармен барады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы БелТа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Тәжікстанға ресми сапары аяқталғаннан кейін Александр Лукашенко Қазақстанға жұмыс сапарымен барады. Мемлекет басшысы 13-14 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) алтыншы саммитіне және ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады», - делінген хабарламада.