МӘДЕНИЕТ

Жанас Бекентұровтың 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қадірменді өнерсүйер қауым, 2022 жылдың 14 қазан күні кешкі сағат 17.00-де қара шаңырақ астында дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» грамотасының иегері - Жанас Бекентұровтың 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтеді.

Сіздерді, ізденіспен бірге қажырлылықты да талап ететін дирижерлік жолында қажымай-талмай еңбек етіп, оркестр ұжымымен біте қайнасқан тұлға, өнер қайраткерінің шығармашылық кешіне шақырамыз!

Айтулы кеште, Қырғызстанның халық артисі, дирижер Бақыт Тілегенов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері - Тамара Асар, Гүлзат Дәуірбаева, Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі - Жұмат Махамбетов, Қазақстандық және Республикалық конкурстардың лауреаттары - Асел Рахымжан,  Меруерт Ақанаева өнер көрсетеді. 

Ендеше, өмірін өнерімен жалғаған, ұлы дала мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді басты мақсаты тұтқан даңқты дирижердің жеке кешінен қапы қалмаңыздар!