Bugin
2022 жылғы сыйлық америкалық үш ғалымға берілді
Экономика бойынша Нобель сыйлығы үш америкалық ғалымға - Брукингс институтының профессоры Бен Бернанкке, Чикаго университетінен Дуглас Даймондқа және Сент-Люис университетінен Филипп Дибвигке банктер және қаржылық дағдарыстардың себептері мен салдарын зерттегені үшін берілді.
Ал өткен жылы яғни 2021 жылы сыйлықты ғылыми емес болып көрінетін тәжірибелерден қалайша ғылымға негізделген қорытынды жасауды ойластырған үш америкалық ғалымға берілген болатын.
Нобель комитеті биылғы жылғы үш ғалымның еңбегін адамзатқа қоғамдағы күрделі процестерді түсініп, жалпы өзара үйлесімділік пен табысты өмір сүрудің ең қысқа жолын табуға көмектесті деп есептеп берген.
Экономика саласындағы жетістіктері үшін берілетін Нобель сыйлығы дәстүрлі түрде қазан айының басында өтетін Нобель апталығын аяқтайды.
Айта кетейік, бұл сыйлық бастапқыда Альфред Нобельдің өсиетінде жазылмаған еді. Оны 1969 жылы Швеция Банкінің бастамасымен табыстала бастады.
Естеріңізге сала кетейік, жұма күні бейбітішілік үшін берілетін биылғы Нобель сыйлығы Ресей, Украина және Беларусь құқық қорғаушыларына табысталған еді. Ал химия бойынша Нобель сыйлығы клик-химия үшін берілді. Бұдан басқа физика ғылымы бойынша аталмыш сыйлықты әр түрлі елдердің үш ғалымы кванттық механика саласындағы зерттеулері үшін алды. Сонымен қатар, медицина және физиология бойынша Нобель сыйлығы швед ғалымы Сванте Паабоға жойылып кеткен гоминидтердің геномдары мен адам эволюциясына қатысты жаңалықтары үшін берілді. Осымен биылғы жылдың Нобель сыйлығы иегерлері анықталынды.