Bugin
Адамның ағзасына параллель әлемнің тіршілік иелері жайғасуы мүмкін. Онсызда мекендейтін паразиттер емес, бұл тіршілік иелері біршама күрделірек…
Клара Герман Селже
1906 жылы он алты жасар Клара Целе Оңтүстік Африканың Натал қаласындағы Әулие Майкл миссиясында оқып жүреді. Бір күні кенеттен көтеріліп ауырып, адамдарға оғаш әрекеттер көрсете бастайды. Адамдарға күш көрсетіп, діни рәсімдерден баз кешіп, біртүрлі қозғалыстар жасайды. Сонымен бірге христиан жасөспірім айналасындағылардың ойлары мен өмірлік оқиғаларын айтып, құпияларын мәлім ете бастайды. Содан кейін ол мүлде білмейтін тілдерінде, соның ішінде неміс, француз және поляк тілдерінде сөйлейді.
Жындардың тәнді иеленуі ұзаққа бармайды. Селже Шайтанмен келісім жасасқанын мойындағаннан кейін, монахтар оны мекендеген жындарды қуу үшін екі діни қызметкерді шақырды. Қыз олардың бірін тұншықтырып өлтірмек болғанымен, діни қызметкерлер екі күннен кейін тәнді азат етеді. Оның левитациясына 170-тен астам адам куә болды.
Арне Чейен Джонсон
1981 жылы Джонсон мен Дебби Глатцел жақында жалға алған үйді жай ғана тазалап жүрген. Ата-анасы үйге заттарын жинап жүргенде ұлы Дэвид бір қарияны көреді. Ол отбасыны қарғап кетеді. Көп ұзамай 11 жасар бала «сенің жаныңды ұрлаймын» деп қорқытатын тіршілік иелерін көре бастайды.
Жынның ұрып-соғып, тұншықтырып өлтіруге тырысу белгілерін анықтағаннан кейін ата-аналар демонологтар Эд және Лоррейн Уорренге қоңырау шалды. Уоррендер Дэвидтің левитациясының куәсі болып, болашақта бұл фактордан адам өлуі ықтимал деп болжам жасайды. Жын шығару кезінде Арне Джонсон – Дэвидтің әпкесінің жігіті белгісіз тіршілік иесін мазақтап, қораш мінез көрсетеді. Бірнеше айдан кейін үй иесімен қызу пікірталас кезінде Арне оны аяусыз өлтіреді.
Оның адвокаттарының айтуынша, бұған оның Уоррендердің ескертулеріне мән бермеуі себеп болған. Жын шығарудан кейін Арне үй астындағы ескі құдықты зерттейді, онда жын оны толығымен иемденді. Адвокаттар Уорренстің көмегімен жинаған бұл нұсқаның дәлелдерін беруге дайын болды. Бірақ судья оларды қабылдамады және Арнені бірінші дәрежелі кісі өлтіргені үшін кінәлі деп табады.
Аннелиза Мишель
Мишельдің оқиғасы көптеген фильмдердің сценарийіне арқау болды. Соның ішінде 2005 жылы жарыққа шыққан «Эмили Роуздың алты жыны» қорқынышты фильмі ел арасында кеңінен таралды. Жас неміс қызына 17 жасында эпилепсия диагнозы қойылады, содан кейін ол психиатриялық ауруханада психикалық бұзылуларға байланысты емделеді. Үш жылдан кейін Мишель оған тозақта шірітетінін айтқан шайтандарды көргеніне шағымданды. Шамамен 1973 жылы ол бірнеше қарқынды суицидтік эпизодтарды бастан өткереді. Бастапқыда ол жәндіктерді жеп, діни заттарды қабылдамайды, өзіне зиян келтіреді және тіпті өз зәрін де ішеді.
10 ай ішінде оған 67 жын шығару рәсімі жасалған. 1976 жылы 1 шілдеде ол қатты шалдығып қайтыс болады. Діни қызметкерлер мен қыздың ата-анасы адам өлтіргені үшін сотталды.