МӘДЕНИЕТ

Қазақстандық актриса Азиядағы ең беделді кино марапатына ұсынылды

Жанар Айжанова Пусандағы 27-ші кинофестивальде үздік әйел рөліне үміткерлердің үздік бестігіне кірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық актриса алғаш рет Азиядағы ең беделді кино марапатына ұсынылды. Жанар Айжанова Пусандағы 27-ші кинофестивальде үздік әйел рөліне үміткерлердің үздік бестігіне кірді.

5-14 қазан аралығында Кореяның екінші ірі қаласы Пусан Азия киносының астанасына айналады. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік актерлер мен режиссерлер келеді. Биыл халықаралық кинофестивальде 71 елден 242 фильм көрсетіледі.

Белгілі әнші Жанар Айтжанова халықаралық кинофестивальге Азияның үздік киноактрисаларының бірі ретінде шақырылған. Оның "Аппақ келін" киносындағы өнері қазылар алқасына ұнаған. Басқа төрт үміткермен бірге Жанар Айжанова «үздік әйел рөлі» номинациясына енгізілді.

Сыйлық 30 жастағы корей киносының жұлдызы Пак Ын Бинге "ерекше адвокат" драмасындағы рөлі үшін берілді.