Спорт

Қазіргі спорт түрлерінің ең көнесі қайсысы?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі спорт түрлерінің ең көнесі қайсысы? Бұл сұраққа жауап бере отырып, манкала сияқты үстел үсті ойынын бiрден есептен шығарып тастаймыз. Осы орайда жалпы «спорт» деп не саналатынын да айқындап алған жөн. Бұл діни не зайырлы, ресми әрі жария белгіленген қағидалары бар, жеке немесе ұжымдық (командалық), ашық ауа аясындағы жарыс сипаты бар іс-шара. Түптеп келгенде бiз алғашқы тарихи тіркелген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін үзілiссiз өмiр сүрiп келе жатқан спорт түрін қарастыратын боламыз.

Бұл белгiлер бойынша спорттың «қазіргі бар ең көне түрі» атағына жалғыз ғана үмiткер бар, ол - жеңіл атлетика, дәлірек айтсақ, қысқа қашықтыққа жүгіру. Ол көне Грекияда шамамен б.з.д. 775 жылы, яғни 2800 жылдай уақыт бұрын басталған. Үйреншікті «атлетика» сөзі көне гректiң athlon, ягни «жүлде» деген сөзінен шығады.

«Ал б.з.д. шамамен 2000 жылы, яғни 4000 жыл бұрын салынды деп саналатын Мысырдағы Бени-Хасан мазарында бейнеленген хоккей ше?» дейтiн ықтимал сұраққа мен «Мысырда немесе басқа жерлерде 4000 жыл бойы тұрақты хоккей ойналғанына дәлел бар ма?» деп жауап берер едім.

200 метрге жүгіру Олимпиада ойындардағы тұңғыш әрі бастапқыда спорттың жалғыз түрi болды. Оган қатысушылар (олардың бәрі де азат ересек еркектер) тырдай жалаңаш жүгіруге тиіс болды десем, кейбіреулер таң-тамаша болатын шығар. Қазіргі заманғы ойындардан айырмашылығы - антикалық Олимпиада ойындары ешқандай үзіліссіз (б.з.д. 776 жылдан бастап б.з. 390 жылға дейiн) 1100 жыл өткізілді. 

Кейіннен қысқа қашықтыққа жүгіру христиандық орта ғасырлық әлемде әйгілі болды және бiртiндеп жан-жаққа кеңінен таралды да, ақырында спорттың қазiргi заманғы сипатындағы жаһандық түрiне айналды.

Пол Картледж, Кембридж университетiнiң Клэр Колледжі грек мәдениетінің еңбек сiңiрген профессоры