Bugin
Жалпы командалық есепте Қазақстан спортшылары Үндістан мен Иранның мықты командаларын басып озып, үздік төрттікке енді.
Әзірбайжанның Нахичеван қаласында 1-11 қазанда шахматтан дүниежүзілік жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Оған Қазақстан құрамасы қатысты, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.
Астаналық шахматшы Сауат Нұрғалиев жеке есепте алтын медаль жеңіп алды. Айта кетейік, жақында Сауат Грузияда 12 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы шахматтан 2022 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері атанған еді.
Сондай-ақ қола медальді Иманғали Ахилбай жеңіп алды. Жалпы командалық есепте Қазақстан спортшылары Үндістан мен Иранның мықты командаларын басып озып, үздік төрттікке енді. Бірінші орынды Түркия шахматшылары, екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Әзірбайжан иеленді.