Bugin
Синоптиктер елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды деп отыр.
Ауқымды антициклон Қазақстандағы ауа-райына айтарлықтай әсер етуде, деп хабарлайды "Қазгидромет"
Дегенмен де, кейбір аймақтарда ауа-райы күрт өзгермек.
Синоптиктер Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және батысында тұратын қазақстандықтарға екпіні 20 м/с-қа дейін жететін жел соғатынын ескертіп отыр. Сондай-ақ Жетісу облысының солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығысында да жел соғады деп күтілуде.
Сонымен қатар елдің батысындағы бірқатар аудандарда Қара теңізден шыққан циклонның әсерінен жаңбыр жаууы мүмкін. Қазақстанның батысында, оңтүстік-шығысында және шығысында жел күшейеді және таулы аймақтарында тұман болады деп күтілуде.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында ауа температурасы -3°C дейін төмендейді.