Bugin

Қарыздан қалай тез құтылуға болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарыз. Қарыз. Қарыздардан қалай тез құтылуға болады?  Осы сұрақ көп адамды мазалайтын шығар.  Себебі ХХІ ғасырда  бір мемлекет екінші мемлекетке, бір адам екінші адамға бір банк екінші банкке қарыз. Яғни қарыз алу бүгінгі заманның ажырамас бөлшегі.   Енді мәселе осы қарыздардан қалай құтылуға болады? Құтылу үшін не істеу керек?

Қарыз алған адамнан қашпаңыз. Керісінше түсіндіріңіз. Яғни бір адамнан қарыз алдыңыз ба, оны уақытында бере алмай қалсаңыз, «ұят болды» деп қорқып  , телефонды алмай , көзіне көрінбей,  «мен жоқпын»  деген сияқты түрлі - түрлі сылтаулар  айтып қашпаңыз. Одан да бере алмай қалсаңыз,  сол кісімен жолығып  мән – жайды  түсіндіріңіз.  Адамбыз ғой.  Кез келген адам түсінеді, кез келген адам  ұғады,   болмағанда түсінуге тырысады.

Қарыздарыңыздан құтылғыңыз келсе, қарыз алған адамыңызбен немесе қарыз алған банкпен бөліп- бөліп төлеу жайында келісіңз.  Көптеген адамдардың қателігі  қарызға 1 миллион теңгені алып,  2 айдан кейін беремін деп келіседі.  Көзді ашып жұмғанша 2 айда өте шығып,  бере алмай қалады.  Содан кейін ол адамның абыройы астан - кестен күл қоқысқа айналып кетеді.   Ондай жағдай орын алмас үшін кейін ақшаны көп тапқанда бере саламын деп жүрмей , керісінше сол адаммен бөліп - бөліп төлеу жайында келісіңіз.  Яғни миллионды миллион тапқанымда деп емес, ай сайын 50 мыңнан, 100 мыңнан  қолдан келгенше беру жайлы келісіңіз.

Егерде шын мәнінде өмірде табысқа жетіп, қарыздарыңыздан құтыламын дейтін болсаңыз қарыздар жайлы мүлде ойламаңыз. Себебі сіз «Қарыздарымнан қалай құтыламын?»-, деп ойлап жүрсеңіз бизнесіңізіді дамыта алмайсыз. Сол себепті қарыздарыңызды ойлай бергенше,  ақша табу қабілеттеріңізді дамытыңыз.  Бизнесіңізді дамытатын жолдарын қарастырыңыз. Түрлі - түрлі кітаптар, семинарлар  оқыңыз.  Сонда ғана сіз көп ақша тауып қарыздарыңызды қайтара  аласыз.

Өмір қандай болса, сол қалпында қабылдаңыз. Яғни өмірде жолыңыз болмай, қарыздарыңызды уақытында бере алмай қалсаңыз немесе қарыздарыңызды өтей алмай қиналсаңыз, тек менде ғана осындай жағдай демеңіз. Қарыз – бүгінгі күннің ажырамас бөлігі екенін ескеріңіз.

  Қания Табыс