Әлем

Cиырлардың кекіргені үшін салық салынбақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңа Зеландия үкіметі климаттың өзгеруімен күресу мақсатында ауылшаруашылық жануарлары бөлетін газдарға салық салуды жоспарлауда, деп хабарлайды Bugin.kz.

Веллингтон 2050 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге уәде берді. 2030 жылға қарай ауылшаруашылық метан қалдықтарын 10-нан 47 пайызға дейін төмендету міндеттемесі үкімет стратегиясының бір бөлігі ретінде бекітілген.

Премьер-министр Джакинда Ардерн фермалардан жиналған салық жаңа технологияларды, зерттеулерді және фермерлерді ынталандыруға қаржыландыру үшін жұмсалатынын айтты.

Ауыл шаруашылығы министрі Дэмьен О'Коннор мұны ел фермерлері үшін қызықты перспектива деп атады.

«Шаруалар қазірдің өзінде климаттың өзгеруінен зардап шегуде, өйткені құрғақшылық пен су тасқыны жиілеп барады. Ауыл шаруашылығы қалдықтарын азайтуға мұрындық болу экологияға да, экономикамызға да пайдалы», - деп түсіндірді ол.

Фермерлер одағының президенті Эндрю Хоггард жаңа салықтың түріне келіспеді.