Bugin
Қазақстан астанасына 50-ге жуық делегация келді.
Астанада Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, осы халықаралық форумға АӨСШК ұйымына мүше елдердің басшылары мен өкілдері қатысады. Бұл Азия континентінің мемлекеттерін біріктіретін халықаралық форум, ол өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өзара қарым-қатынастарды нығайту міндетін қояды.
«Саммит барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен ұйым қызметінің негізгі басымдықтарын талқылау жоспарлануда», - делінген мәлімдемеде.
12 қазанда Астанаға Шавкат Мирзияев, Садыр Жапаров, Ильхам Алиев ұшып келді. Сондай-ақ, бұған дейін еліміздің астанасында Режеп Ердоған, Александр Лукашенко, Эмомали Рахмон, Катар Әмірі және Эбрахим Раиси бар еді.
12-13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді, оған Әзірбайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Беларусь басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР төрағасының орынбасары қатысады.
Сонымен қатар, 14 қазанда Астанада ТМД мемлекеттері басшыларының отырысы да өтпек.